21 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №67 

178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 10 ақпан, Астана қаласы Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 15) тармақшасына, 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленсін: дизель отыны – 1 литр үшін 99 теңге; Аи-80 – 1 литр үшін 89 теңге; Аи-92/93 – 1 литр үшін 99 теңге; 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурс­ында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалинге жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады. Министр В.ШКОЛЬНИК. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев _______________ «____» _____________2015 жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10222 болып енгізілді.